Жаңалықтар

«Өлгендер қайтып келмейді» атты романынан үзінді оқып, талқыланды

«Өлгендер қайтып келмейді» атты романынан үзінді оқып, талқыланды
Уақыты: 14.08.2024
Оқылды: 48

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде  «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» атты романынан үзінді оқып, талқыланды.

 

Шараның мақсаты: Қазақ прозасына ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағыттау.

Жазушы «Өлгендер қайтып келмейді» романында өмір жолында алдынан шыққан барлық қиындықтарды еңсерген табанды, батыл жас жігіттің өмірін және мінезінің қалыптасуын көрсетеді. Романның әрбір бетінде сол уақытқа тән өмір ұшқындары кездеседі.

Бердібек Соқпақбаевтың барлық туындыларында оның шығармашылығының қайнар көзі халық өмірінен бастау алғаны сезіледі. Жазушының бейнелеу қабілеті өте бай. Ол өз кейіпкерлерінің портретін шебер суреттеп, әрқайсысын өзіне тән тілде сөйлетеді. Кейіпкердің ішкі күйзелісі мен ой-пікірлері жазушының басты көркемдік әдісі болып табылады.

Шара барысында балалар әдебиетінің жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарына шолу жасап, еңбектеріне тоқталып, оқырмандарды жазушының кітаптарын оқуға шақырып, шығармашылық мұрасы таныстырылды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика