Жаңалықтар
«Салауатты салт - өмір сәні» атты денсаулық сағаты өтті

2024 жылдың 16 тамыз күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында спорт күніне орай «Салауатты салт – өмір сәні» атты денсаулық сағаты өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы» 1998 жылғы, қаңтардың 20-сындағы №3827 Жарлығына сәйкес тамыздың әрбір үшінші жексенбісі дене шынықтыру саласы мамандарының кәсіби мерекесі - Спорт күні болып аталып өтіледі.
Спорт - белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.
Денсаулық сағатында кітапхана қызметкерлері спорттық жаттығулар жасап ,кітапханашы Тұрсынханова Ажар спорт туралы кітап көрмесімен таныстырды.