Жаңалықтар
Пышан Жәлмендеұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Дүние, шіркін, өтеді бір күн» атты библиографиялық шолу өтті

19 тамыз күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында – ақын, композитор Пышан Жәлмендеұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Дүние, шіркін, өтеді бір күн» атты библиографиялық шолу өтті.
Шара барысы Пышан Жәлмендеұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқырмандарға кеңінен ақпарат беріліп, кітаптарына библиографиялық шолу жүргізілді.
Көрмеге Пышан Жәлмендеұлының өмірі мен шығармашылығы жайында кітаптар, мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар атап айтқанда: Ысқабай Әли Әпекұлы. Жәлменде – Пышан: пьесалар мен әңгімелері., Қараман Қараша. Қасиетті Қаратал: тарихи-танымдық деректі кітап., Жетісу ақындарының жыр сарындары: Нотаға түсірген таспасы., Қожамқұл Жұмахан: Жәлменде бидің беделі – Жетісу газеті., Қасымбеков Санат: Дауда сағы сынбаған Пышан болыс - Алатау газеті және тағы басқа мақалалар қойылды.