Жаңалықтар

Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Абай әлемі» атты облыстық Абай оқулары байқауы өтті

Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Абай әлемі» атты облыстық Абай оқулары байқауы өтті
Уақыты: 20.08.2024
Оқылды: 44

Жаһандық білім алудың биік шыңы ұлттық руханиятымызды асқақтатып, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны бүгінгі ұрпаққа жеткізу. Жастардың бойына Отансүйгіштікті ұялату және патриоттық сезімін ояту Абайдың шығармаларын оқытудан басталғаны жөн. Осындай мақсатта бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Абай әлемі» атты облыстық Абай оқулары байқауы өтті. Байқау үш номинация бойынша өткізілді. Атап айтқанда, «Абайдың қара сөздері» (Абайдың қара сөздері жатқа, мәнерлеп оқу), «Абай үні, Абай лебі» (А.Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу), «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» (Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлының шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу).

Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген жастардың ықыласын арттыру, әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында өткен Абай оқуы қатысушылардың Абайдай ұлыны ұлықтап, тілге деген сүйіспеншілігін көрсетті. 

Қазылар алқасы қатысушылардың көркем сөз оқу шеберлігі, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне және сахна мәдениетіне баса назар аударды.

«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Талдықорған қаласының №27 орта мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Айдана Темеш үздік деп танылса, «Абай үні, Абай лебі» номинациясы бойынша Алакөл ауданы, Үшарал қаласының Абай атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Қарлығаш Жүсіп, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Ақсу ауданы Н.Есеболатов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Әсемхан Ғалымбекқызы үздік деп танылып дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысқан қалған оқушыларға алғыс хаттар табысталды.

Абай Құнанбаев шығармаларын оқу арқылы көркемсөз шеберлігін, тіл мәдениетін шыңдау бағытында өткен шараға 12-18 жас аралығындағы қалалық, аудандық жарыстың жеңімпаздары, мектеп оқушылары қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика