Жаңалықтар

«Үздік жас кітапханашы-2024» облыстық байқауы өтті

«Үздік жас кітапханашы-2024» облыстық байқауы өтті
Уақыты: 21.08.2024
Оқылды: 42

2024 жылдың 21 тамыз күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жас кітапханашылар арасында мамандықтың беделін арттырып, кәсіби құзіреттілігі мен шеберлігін дамыту мақсатында «Үздік жас кітапханашы-2024» облыстық байқау өтті.

Байқау 4 кезеңнен тұрды.

1 кезең:  «Кітапханашы келбеті» бейнетаныстырылым

2 кезең: Жоба, бейнепортфолио

3 кезең: Шығармашылық қойылым

4 кезең: Тақырыптық эссе жазу

Байқауға 8 аудан, 2 қала кітапханаларынан 10 кітапханашы қатысып,

жас маман ретінде шығармашылық ізденістерін өз шеберлігі мен біліктілігін жоғары дәрежеде көрсеткені үшін «Үздік жас кітапханашысы-2024» облыстық байқауының І дәрежелі дипломымен Көксу ауданы Амангелді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бекбатыр Малика, ІІ дәрежелі дипломымен Қаратал аудандық кітапханасының кітапханашысы  Апарбаева Айнұр, ІІІ дәрежелі дипломымен Алакөл ауданы Үшбұлақ ауылдық кітапханасының ктапханашысы Есебаева Мадина марапатталды. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге алғыс хаттар берілді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика