Жаңалықтар

Ақын Тұрсынзада Есімжановтың жеке жинақтаған кітап қорын Ырза Тұрсынзадақызының «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы қорына кітаптарды сыйға тарту салтанатты шарасы

Ақын Тұрсынзада Есімжановтың жеке жинақтаған кітап қорын Ырза Тұрсынзадақызының «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы қорына кітаптарды сыйға тарту салтанатты шарасы
Уақыты: 27.08.2024
Оқылды: 50

23 тамыз күні  Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен белгілі ақын Тұрсынзада Есімжановтың жеке жинақтаған кітап қорын Ырза Тұрсынзадақызының «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы қорына  кітаптарды сыйға тарту салтанатты шарасы өтті.

Салтанатты шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Көлбаев Мәрлен Қапашұлы, Тұрсынзада Есімжановтың ұрпақтары, Мемлекет және қоғам қайраткері, Алматы облысының «Құрметті азаматы» Наурыз Қылышбаев, Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлы, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Нүсіпбай Әбдірахым, Заң ғылымдарының кандидаты Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы, Ақсу ауданының құрметті азаматы  Асқар Исаев, Айнаш Өмірсадыққызы, Салтанат Менлібаева,  қалалық және аудандық кітапхана  қызметкерлері, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында ақын Тұрсынзада Есімжановтың «Қазақстан – Ғажапстан» кітабының тұсаукесер рәсімі өкізіліп, оқырмандарға естелікке кітаптар таратылды.  «Жыр жүрек» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кітап көрмесінде Тұрсынзада Есімжановпен замандас болған атақты ақын, жазушылардың қолтабаларымен сыйға тартылған кітаптар туралы ақпарат беріліп, ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика