Жаңалықтар
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақстанның Халық әртісі, әнші Жүсіпбек Елебековтың туғанына 120 жыл толуына орай «Жүсіпбектің ән-ғұмыры» атты дөңгелек үстелі өтті

Шара барысы кітапханашы Серік Ахметов Халық әртісі, әнші Жүсіпбек Елебеков «Жас қазақ" әнін тұңғыш рет орындап, кейін халық арасында кең түрде насихатталғанын, драмалық спектакльдерде ойнағаны жайлы қысқаша мағлұмат берілді.
Қорыта келе "Жүсіпбек Елебеков" ғұмырнамалық хикаяты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Өнер» баспасынан «Әйгілі адамдар» сериясымен жарыққа шығып отыр. Ғұмырнамалық хикаятта ұлы әншінің өмір сүрген дәуірі тұтас қамтыла зерттелген және Жүсіпбек Елебековтың замандастары, қазақ өнері мен мәдениетінің қайраткерлері, өнер тарландары жайында да құнды деректер молынан берілгені жайлы айтылып өтті.