Жаңалықтар
Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күніне арналған «Семей полигоны – тарихтың қасірет беттері» атты кітап көрмесі өтті

2024 жылдың 29 тамыз күні Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күніне арналған «Семей полигоны – тарихтың қасірет беттері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Көрмеге М.Сәрсекенің орыс және қазақ тілдеріндегі «Семей трагедиясы» және «Семей қасіреті» кітаптары,Қазақстан тарихы энциклопедиялық басылым, К.Бозтаевтың «Семей полигоны»,Е.Байғабылұлы «Ядролық зұлмат»,С.Досжан «Қасірет пен тағдыр» және т.б., энциклопедиялармен мерзімді басылым беттерінде жарияланған полигон зардабы туралы мақалалармен таныстырып, Семей ядролық сынақ полигонының тарихы, апат салдары, сынақ полигонының жабылуы туралы шолу жасады.
Шараға Алматы облысы және Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызмет басқармасымен 1 – ші полиция батальон қызметкерлері қатысты.