Жаңалықтар

«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты ашық есік күні өтті

«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты ашық есік күні өтті
Уақыты: 03.09.2024
Оқылды: 40

3 қыркүйек күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында білім күніне орай «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне қатысқан «Unnoverse High School» жекеменшік мектебінің оқушыларына кітапхана құрылымы жақын таныстырылып, кітап көрмелері ұсынылды.

«Тұғыры биік – тұлғалар» мерейтой иелеріне арналған және «Бір ел-бір кітап» акциясы аясындағы қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың кітаптары, «Жетісуым-жұмақ мекен» атты облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген кітаптар көрмесі  таныстырылды.

Кітапхана тынысымен танысқан оқушылар, кітапханаға тіркеліп, ұнатқан кітаптарын оқуға алды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика