Жаңалықтар

Халықаралық қайырымдылық күніне орай, қарттар мен мүгедектердің үйіне көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды.

Халықаралық қайырымдылық күніне орай, қарттар мен мүгедектердің үйіне көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды.
Уақыты: 04.09.2024
Оқылды: 46

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім  5 қыркүйек –Халықаралық қайырымдылық күніне орай, қарттар мен мүгедектердің үйіне көмек көрсету жұмысы  ұйымдастырылды.

Осыған орай мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім қызметкерлері:  Гаухар Таукебаева, Айнаш Абейбекова зағип жандардың, 1-ші топ көз мүгедектері  Шырынгүл Смагулова, Гүлшари  Касейнованың  үйлерінде  еден тазалау, сыпыру  мен  аулаларын қоқыстан тазалау жұмыстары  жүргізілді.

Мұндағы басты ниетіміз –  көмекке мұқтаж қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын беріп, көмектесіп, зағип жандардың аз да болсын, көңілдерін аулап, жүздеріне қуаныш сыйлау.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика