Жаңалықтар
«Тіл ұлттың мерейі» тақырыбында ақпараттық сағат өтті

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Тіл ұлттың мерейі» атты ақпарат сағаты өтті.
Мерекелік шараға Талдықорған қаласының «Білім инновациялық колледжінің 1 курс студенттері қатысып, тіл тарихы жайында ақпарат алып, кітап көрмесімен танысып, бейнеролик тамашалады.
Мереке Тәуелсіз Қазақстанда 1998 жылы қабылданды және бастапқыда қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілген. 2017 жылы Тілдер күні мерекесін атап өту күні өзгертілді, оны көрнекті ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырды. Мерекелік күндер тізімінде бұл күн 5 қыркүйек деп белгіленген.