Жаңалықтар

«Отбасы тәрбиесі – ұлт болашағы» атты кездесу кеші өтті.

«Отбасы тәрбиесі – ұлт болашағы» атты кездесу кеші өтті.
Уақыты: 06.09.2024
Оқылды: 45

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде отбасы күніне орай «Отбасы тәрбиесі – ұлт болашағы» атты кездесу кеші өтті.

Шараға 1 –ші топ көз мүгедегі  Анатолий  Акимовпен жұбайы Тамара Теницкая және тұрақты оқырмандар қатысты.

Шара барысында кітапханашы Айнаш Абейбекова «Отбасы шағын мемлекет» атты кітап көрмесімен таныстырып, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасылардың бірі, 1 –ші топ көз мүгедегі Анатолий  Акимов  және жұбайы Тамара Теницкаядан отбасы жайлы сұхбат алынды.

Шара соңында, оқырмандар қонақтарға өз сұрақтарын қойып, отбасы – шағын мемлекет, ол  - тәлім мен тәрбиенің , үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы екендігі,  адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасынан бастау алатындығы және де әке мен ана- шаңырақтың тірегі болатындығын айтып, оқырмандарға кеңінен баяндады. 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика