Жаңалықтар
«Отбасы бақыт мекені» кездесу кеші өтті

2024 жылдың 6 қыркүйек күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Алматы облысының және Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметімен бірлесе отырып ұйымдастырылған отбасы күніне орай «Отбасы бақыт мекені» атты кездесу кеші өтті.
Шараға Алматы облысының және Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметі қызметкерлері, 1-полиция батальонының полиция аға сержанты Амангельдинов Бахтияр Ерланұлының және полиция сержанты Мұқатаев Ермек Дүйсенбекұлының отбасылары және кітапхананың тұрақты оқырманы, ұстаз Байгисинова Турсабала немересімен қатысты.
Кеш барысы «Отбасы – өмір аясы» атты кітап көрмесімен бастау алып, бейнекөрсетіліммен жалғасты. Сонымен қатар, Байгисинова Турсабала жас отбасыларға жанұя құндылықтарымен бөлісіп, жүрек жарды тілектерін айтып, батасын берді. Келген отбасыларға сұрақтар қойылып, отбасылық өмірдегі қызықты сәттерімен бөлісті.
Шара соңында, ұлағатты ұстаз Байгисинова Турсабаланың немересі өлең оқып, 1-полиция батальонының полицейі полиция аға сержанттар Маратұлы Ғабит пен Мұқатаев Ермек Дүйсенбекұлы әндерін арнады.