Жаңалықтар
«Жемқорлыққа жол жоқ» атты ақпарат сағаты өткізілді.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты «Жемқорлыққа жол жоқ» атты ақпарат сағаты өтті.
Шараға 1-2 топ көз мүгедектіктері бар оқырмандар және «Қазақ соқырлар қоғамы» Жетісулық қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорнының қызметкерлері қатысты.
Шара барысында кітапханашы Рауан Нұрланов жемқорлықтың тамырына балта шабу айтуға оңай, ал жақсы нәтиже үшін әрбір азамат ізгілікке бет бұрғаны абзал екендігін, жемқорлық зиян тигізбесе, пайда әкелмейтіні туралы ақпарат бере келе «Жемқорлық қоғам дерті» атты кітап көрмесін таныстырып, библиографиялық шолу жүргізді. Сондай-ақ жемқорлықтың алдын алу жолдары туралы әркім өз ойымен бөлісіп қатысушалар арасында өзара пікір талас туындады. Пікір-талас кезінде сыбайлас жемқорлықтын алдын алу жолы қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұрып, жол бермеу бәріміздің міндетіміз екендігі айтылды.