Жаңалықтар

«Сұлтанбек аға - ағартушы аға» ақпараттық дайджест өтті.

«Сұлтанбек аға - ағартушы аға» ақпараттық дайджест өтті.
Уақыты: 10.09.2024
Оқылды: 38

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы педагок Сұлтанбек Қожановтың туылғанына 130 жыл толуына орай «Сұлтанбек аға - ағартушы аға» ақпараттық дайджест өтті.

Шараға «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері және 1-ші, 2-ші топ көз мүгедектері қатысты.

Шара барысында кітапханашы Айнаш Абейбекова қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың «Ұлт жанашыры Сұлтанбек» атты кітап көрмесіне шолу жүргізіп, өмір – баянымен таныстырып, қоғамдық саяси қызметі, мемлекеттік қайраткерлік еңбегі, оның 1920-1934 жылдар аралығындағы мемлекеттік қызметі туралы тың мұрағат деректермен бөлісті.

Сонымен қатар қазақ халқының бостандығы жолында өмірлерін құрбан еткен батыр бабаларымызды әрқашан мақтан тұтып, жадымызда мәңгілік сақтап жүру біздің, яғни кітапхана қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі екендігін айтып өтті.

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика