Жаңалықтар

«Талантты композитор» атты өнер сағаты өтті.

«Талантты композитор» атты өнер сағаты өтті.
Уақыты: 13.09.2024
Оқылды: 37

 Бүгін, Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында КСРО халық артисі, композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Талантты композитор» атты өнер сағаты өтті.

 Шара барысында оқырмандарға композитордың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, композитордың Қазақстанның мәдени өміріне қосқан зор үлесі туралы мағлұмат берілді.

Оқырмандарға Сыдық Мұхамеджановтың тамаша әуендері мен әр қырлы шығармашылығы жайлы «Саз әлемнің саңлағы» және «Классикалық күй» атты бейне-ролик көрсетіліп, музыкалық шығармаларымен таныстырылды.

Сондай-ақ, композитордың «Әнді сүйсең, менше сүй», «Шолпаным» атты кітаптарына шолу жүргізілді.

Өнер сағатына қатысқан Талдықорған қаласының Шоқан Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларының орындауында, композитордың әуеніне жазылған «Қазақстан туралы ән», «Алматым ғой әсем қала» атты әндері шырқалып, оқырмандарға жақсы көңіл-күй сыйлады.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика