Жаңалықтар
«Бердібек балалардың қамқоршысы» атты кездесу кеші өтті.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толуына орай «Бердібек балалардың қамқоршысы» атты оқушылармен кездесу кешін өткізді.
Шараға № 19 мектеп гимназиясының 7 «б» сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында: кітапханашы Рауан Нұрланов балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың қысқаша өмірбаянын айта келе «Балалар әдебиетінің классигі» атты кітап көрмесімен таныстырып, жазушының кітаптарына библиографиялық шолу жүргізді. Сонымен қатар жазушының озық туындыларының бірі «Менің атым Қожа» повесін оқушылармен бірге талқылап. автордың кейінгі шығармаларының ішінде махаббат, сұлулық тақырыбына арналған «Қайдасың, Гаухар?» «Аяжан» атты әңгімелерін оқуға кеңес берді.