Жаңалықтар
«Еділ мен Жайық» атты музыкалық кеш өтті.

Кітапханада жазушы, композитор, суретші, этнограф, музыкатанушы Ілия Жақановтың 88 жасқа толуына орай «Еділ мен Жайық» атты музыкалық кеш өтті.
Шара барысында оқырмандарға Ілия Жақановтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, «Даласындай дарқан дарын» атты бейне-ролик көрсетілді. Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің дәстүрлі ән бөлімінің ұстазы Төлеутай Серіков баяндамасында Ілия Жақанов туралы кеңінен мағлұмат беріп, жазушы, композитордың шәкірті болғаны жөнінде айтып кетті.
Сонымен қатар, жазушы композитордың «Жайлаукөл кештері» атты әнін Дәнеш Рақышев атындағы филормонияны әншісі Гүлнұр Нұрасылова орындаса, колледж оқытушысы Төлеутай Серіков автордың «Аққу» әнін домбырамен орындады. Сондай-ақ, «Бақ жұлдыз» медиа орталығының әншілері Ныққали Айша «Сарыарқа» күйін тарту етсе, Абай Әділбек «Отырардағы той» әнін орындап, оқырмандарға жақсы көңіл күй сыйлады.
Шара соңында ұстаз Төлеутай Серіков пен әнші Гүлнұр Нұрасылова жазушы, композитор Ілия Жақановтың «Еділ мен Жайық» әнін екі дауыста тебіренте орындап, «Әнімен елін тербеткен» атты кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандарға көрмеден кітаптар қолға берілді.
Шараға Талдықорған қаласының Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары мен мұғалімі қатысты.