Жаңалықтар
«Kitap Time - 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті

Бүгін кітапхана шаңырағында кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани, интеллектуалдық даму жолында жастарды ынталандыру және мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында «Kitap Time - 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.
Фестивалдің алғашқы құттықтау сөзін Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы директорының орынбасары Мадина Баймендинова оқырмандарға жылы лебізін білдіре отырып, кітап фестивалі қатысушыларына қызыққа толы әртүрлі бағдарламалар әзірленгенін айта кетті.
Фестивальге арнайы келген Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Janr Жетісу әдеби клубының президенті Есболат Айдабосын мен ақын Ербол Оразбеков оқырман қауымға кітаптың маңыздылығын айтып, кітапханаға жиі келуге шақырды.
Сондай-ақ, Жетісу обылысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншілері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Алматы облысының «Құрметті азаматы» Бақберген Асқарбеков және Абылай Қармысов әсем әнмен ашылу салтанатының көркін келтірді.
Фестиваль аясында, «PODCAST» Жетісулық ақын-жазушылардан сұхбат алынды. Сұхбат барысында қонақтарымыз қызықты оқиғаларымен бөлісіп, бүгінгі кітап фестиваліне өлең жолдарын арнады. Сонымен қатар, «Лоторея» алаңына келген қатысушыларға лотореялық билеттер беріліп, жеңімпаз билеттерге сыйлықтар сыйға тартылып, «Karaoke and Games» караоке алаңы, «Movie Time» кино көрсетілімін тамашалап, ««Biblio CAFE» алаңында жаңа түскен мотивациялық кітаптардан фуршет қойылды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2022 жылы бастау алған «Kitap Time - 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі еліміздің барлық кітапханаларында өтті.
Шараға зиялы қауым өкілдері, жас ақындар, қала колледжінің студенттері, сондай- ақ БАҚ қатысты.
Шара соңында қатысушы оқырмандар рухани азық беретін көңілді кеш үшін алғыс білдірді.