Жаңалықтар

«Ғибраты мол өнегелі тұлға» атты еске алу кеші өтті

«Ғибраты мол өнегелі тұлға» атты еске алу кеші өтті
Уақыты: 24.09.2024
Оқылды: 37

Бүгін кітапхана шаңырағында белгілі қаламгер Тұрсын Әбдуәлиевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Ғибраты мол өнегелі тұлға» атты еске алу кеші өтті.

Кеш барысында, аталмыш қаламгердің өмірбаяны мен шығармалары айтылып, арнайы презентацияда Тұрсын Әбдуәлиевтың Көксу ауданындағы Мұсабек ауылының тумасы екендігін және саяси ағарту үйінің меңгерушісі, облыстық телевизия және радио коммитетінің төрағасы, сондай-ақ аудандық, облыстық газеттердің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, облыстық «Октябрь туы», «Жерұйық» газетінің бас редакторы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі сынды қызметтерде болғандығы көрсетілді. Сонымен қатар, “Батырлық - жүректен” атты кітап көрмесіне «Өмір өрінде», «Наркескен», «Тағылым», «Бақтыбай ақын» сияқты кітаптары қойылып, таныстырылды.

Шараға Innoverse мектебінің 10 сынып оқушылары қатысып, Тұрсын Әбдуәлиевтің туындыларына қанық болып, әртүрлі өлеңдеріне талдау жүргізіліп, терең ой түйіп қайтты.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика