Жаңалықтар

«Жігері жасымаған жандар» атты байқау өтті

«Жігері жасымаған жандар» атты байқау өтті
Уақыты: 24.09.2024
Оқылды: 26

2024 жылдың 24 қыркүйек күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің ұйымдастыруымен, «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында «Жігері жасымаған жандар» атты байқау өтті.

Байқау 4 кезеңнен тұрды.

1 кезең: Дербес компьютерде арнайы «Jaws for windows» бағдарламасы арқылы мәтінді жазу.

2 кезең: Саусақ ұшымен сезіну арқылы Қазақстан Республикасының және де басқа мемлекеттердің тиындары мен купюраларының номиналдарын анықтау.

3 кезең: Смартфондағы «Taptapsee» арнайы қосымшаның көмегімен берілген заттарды анықтау арқылы рет-ретімен жинастыру.

4 кезең: Өзінің сүйікті ақын жазушысының өлеңін мәнерлеп оқу.

Байқауға бөлімнің 6 зағип оқырмандары қатысып өз шеберлігімен біліктілігін жоғары дәрежеде көрсетті. Байқаудың І дәрежелі дипломымен Дәуен Алғысбек, ІІ дәрежелі дипломымен Даркенбаев Аликен, ІІІ дәрежелі дипломымен Қапанов Қуаныш марапатталды. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге алғыс хаттар берілді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика