Жаңалықтар

«Үздік библиограф» байқауы өтті

«Үздік библиограф» байқауы өтті
Уақыты: 25.09.2024
Оқылды: 44

25 қыркүйек күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастырумен шығармашыл, талантты, бастамашыл кітапхананың библиограф мамандарын анықтау мақсатында «Үздік библиограф» байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға 8 үміткер қатысып, үш кезең бойынша бақтарын сынады.

1 кезең «Мен библиографпын». Бұнда PowePoint форматындағы немесе фото презентациясымен сүйемелдене отырып 3 минут көлемінде таныстыру және библиографиялық жұмыстар бойынша комиссия мүшелерінің берген 5 сұрағына жауап беру.

2 кезең «Библиографиялық баспа жұмыстары», яғни өлкетануды насихаттау мақсатында құрастырған библиографиялық баспа құралдарын тапсыру, оған 2 минут көлемінде қысқаша түсінік беру.

3 кезең «Тарихы терең өлкем» атты 5 минут көлемінде өз өлкесінің танымал тұлғалары мен тарихи орындары мен уақиғалары туралы деректердің нақты болуы, сөз сөйлеу шеберлігі, тіл тазалығы ескерілді.

Байқау қортындысы бойынша Ережеге сәйкес «Үздік библиограф» номинациясын Ақсу аудандық кітапханасының библиографы Тұрсынқызы Гүлшат алса, «Үздік библиографиялық құрал» номинациясын Ескелді аудандық кітапханасының кітапханашысы Шындәулет Жазираға арнайы бағалы сыйлық табыс етілді. Барлық қатысушыларға «Алғыс хат» берілді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика