Жаңалықтар
«Қартын қадірлеген ел ардақты» атты кітапхана ардагерлерімен танымдық кеші өтті

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 1 қазан – Бүкіләлемдік қарттар күніне орай «Қартын қадірлеген ел ардақты» атты кітапхана ардагерлерімен танымдық кеш ұйымдастырылды.
Шараға қонақ болып Күлтай Биғалиева, Бақтылы Жұмабекова, Мадина Масалимова, Раушан Қаймолдаева сынды ұлттың рухани азығы саналатын кітапханашы мамандығында көп жылдар бойы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагер кітапханашылар мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Танымдық кештің шымылдығын С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың директоры Самал Шаяхметова құттықтау сөзімен ашып, ақ тілегін білдірді.
Шара барысында шақырылған қонақтарға арнайы сөз беріліп, кітапхана саласында басталған еңбек жолдары мен өмірлерінің қызықты кезеңдерімен бөлісті. Сондай-ақ, жастарды таңдаған мамандығына адал болуға шақырып, өткен заманда да, қазіргі уақытта да, болашақта да кітапханашылар ақпарат мұхитындағы ең үздік маман ретінде және халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаушылары болатынына сенім білдірді.
Кеш «БақЖұлдыз» продюсерлік жобаның мүшелерінің және Талдықорған қаласының облыстық №1 «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешенінің 10 сынып оқушыларының әсем әнмен, күмбірлеген күймен және мың бұралған бимен ұласты.
Сондай-ақ «Еңбегі елеулі кітапхана ардагерлері» атты бейне ролик көрсетілді.
Танымдық кешке қатысқан кітапхана ардагерлері кештің тартымды өткенін атап өтіп, өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдіріп, жақсы көңіл–күймен тарқасты.