Жаңалықтар
« Жүсіпбек Аймауытов тарихи дәуірінің символы» атты тұлғатану сағаты өткізілді

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде жазушы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай « Жүсіпбек Аймауытов тарихи дәуірінің символы» атты тұлғатану сағаты өткізілді.
Шара барысында бөлім меңгерушісі Гаухар Таукебаева қазақ әдебиетіндегі айтулы туындылар жазған Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаяны жайлы ақпарат беріп, осынау қысқа ғұмырында халқына аса үлкен бай мұра қалдырып кеткен автордың шығармаларынан тұратын «Аймауытов айшықтары» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді.
Шараға Қазақ соқырлар қоғамының қызметкерлері мен бөлімнің тұрақты оқырмандары қатысты.