Жаңалықтар

«Ұлт жанды сықақшы» атты ақпараттық сағат өтті.

«Ұлт жанды сықақшы» атты ақпараттық сағат өтті.
Уақыты: 03.10.2024
Оқылды: 33

Бүгін кітапхана шаңырағында жазушы – сықақшы Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Ұлт жанды сықақшы» атты ақпараттық сағат өтті.

Кеш барысында, қаламгердің өмірбаяны мен шығармалары айтылып, арнайы бейнетаспада Шона Смаханұлының ақын, сатирик, әнші, жазушы, ұстаз, қоғам қайраткер екендігі айтылды. Сонымен қатар, «Ұлт жанды сықақшы» атты кітап көрмесіне «Үміт жұлдызы», «Қоңыраулы шеңгел», «Кездік», «Әнші әтеш» сияқты кітаптары қойылып, таныстырылды. «Өмір жолы» атты бейнетаспа көрсетіліп, «Мың пернелі домбыра» сынды көптеген өлең жолдарына талдау жүргізілді.

Шараға Innoverse мектебінің 10 сынып оқушылары қатысып, Шона Смаханұлының туындыларына қанық болып, терең ой түйіп қайтты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика