Жаңалықтар

«Үздік жыл әдіскері-2024» облыстық байқауы өтті

«Үздік жыл әдіскері-2024» облыстық байқауы өтті
Уақыты: 04.10.2024
Оқылды: 31

2024 жылдың 4 қазан күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен әдіскерлердің жан-жақты біліктілігін, кәсіби шеберлігін анықтау мақсатында «Үздік жыл әдіскері» облыстық байқауы өтті.

Байқау 3 кезеңнен тұрды.

1 кезең: «Мен әдіскермін» өзін таныстыруы

2 кезең: «Ұшқыр ой, ұтымды жауап» сұрақ-жауап

3 кезең: «Білікті маман - креативті жоба» жоба таныстырылымы

Байқауға аудан, қала, ауыл кітапханаларынан 9 кітапханашы бақ сынасты. ІІІ дәрежелі дипломмен – Көксу аудандық кітапханасының әдіскері- Сатыбалдиева Толқын Калибековна, ІІ дәрежелі дипломмен – Ақсу аудандық кітапханасының әдіскері- Советбеков Дастан Махамбетұлы және І ші дәрежелі дипломмен Панфилов аудандық кітапханасының әдіскері- Илимахунова Кенжехан Сейтнуровна марапатталды. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге Алғыс хаттар табысталды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика