Жаңалықтар

«Қайырымдылық – жылы жүректен» атты тәрбие сағаты өтті.

«Қайырымдылық – жылы жүректен» атты тәрбие сағаты өтті.
Уақыты: 10.10.2024
Оқылды: 37

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Мүгедектер күніне орай «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты тәрбие сағаты өтті.

Шараға «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Шара барысында кітапханашы Айнаш Абейбекова «Өмірге құштар жандар» атты кітап көрмесіне шолу жүргізіп, қайырымдылық – адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі екені және адам өзінің жанашырлығымен, таза ниетімен ерекшеленетіні жайлы мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі жайлы айтылды.

Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында оларға жақсы көңіл – күй сыйлап, пікір алмасып, алдағы уақытта да ерекше жандарға арналған шаралар жалғасын табатындығы айтылды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика