Жаңалықтар
Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан» атты еске алу кеші өтті

Кітапхана шаңырығынды 2024 жылдың 11 қазан күні халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан» атты еске алу кеші өтті.
Шара барысы Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі жайлы «Ерлігі ұрпаққа үлгі – Рақымжан Қошқарбаев» атты бейнероликтен бастау алып, кітапханашылар арнайы дайындаған «Жеңіс туын желбіреткен – Рақымжан Қошқарбаев» атты кітап көрмесі таныстырылып, 1 – полиция батальонының полиция старшинасы Доценко Кирилл Владимирович батырымыз туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқып, полиция сержанты Мукатаев Ермектің орындауындағы «Мен қазақтың ұлымын» атты әні көрермендерге патриоттық рух сыйлады.
Шараға Алматы облысының және Жетісу облысының мамандандырылған күзет басқармасымен, қаламыздың Абай атындағы №1 ОМ гимназиясының 8 – ші сынып оқушылары қатысты.