Жаңалықтар

Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ерлігі ұрпаққа үлгі» атты тұлғатану сағаты өтті.

Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ерлігі ұрпаққа үлгі» атты тұлғатану сағаты өтті.
Уақыты: 15.10.2024
Оқылды: 45

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ерлігі ұрпаққа үлгі» атты тұлғатану сағаты өтті.

Шара барысында клуб меңгерушісі Жанна Әділханқызы Рахымжан Қошқарбаевтың өнегелі өмірімен және өлшеусіз ерлігімен таныстырды. Өз сөзінде Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев атамыздың ерлігіне бас иіп, есімін мәңгі есте сақтау, құрметпен қарау біздің перзенттік борышымыз екендігін баса айтты. Сондай -ақ кітапханашы Айнаш Райқұлқызы даңқты батыр атамыз Рахымжан Қошқарбаевқа қатысты кітаптарға шолу жасап, оқуға кеңес берді. Шара соңында «Жетісу» оқу-өндірістік кәсіпорынының директоры Батыров Жеңіс Жолдығалиұлы Рахымжан Қошқарбаевтың өмірі жайлы, теңдесіз ерлігі жайлы өзінің ой-пікірімен бөлісті. Қатысушылар үшін өткізілген танымдық шараның маңызы зор болды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика