Жаңалықтар
«Кітап оқу көшбасшысы-2024» облыстық байқауы өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақ балалар әдебиетін кеңінен насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу дәстүрін сақтау және дамыту мақсатында «Кітап оқу көшбасшысы-2024» облыстық байқауы өтті.
Жарысқа көркем сөз оқу шеберлігін игерген 11-12 жас аралығындағы аудан, қала мектептерінің 12 оқушысы қатысып бақ сынасты.
Байқау үш кезеңнен тұрды.
І кезеңде «Эссе» жазу яғни, қатысушылар алдын ала ережеге сай үздік 6 автордың шығармаларына эссе жазып, қазылар алқасына ұсынылды.
ІІ кезеңде Шығармалардан үзінді оқылады, сол үзінді қай шығармалардан екенін табу.
ІІІ кезеңде «Кім көп біледі?» тапсырмасы бойынша оқыған 6 автордың шығармаларынан сұрақтар қойылды.
Байқауға «Талдықорған политехникалық колледжінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы», «Жетісу облысының «Тіл» оқу әдістемелік
орталығы» мен «Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхана» қызметкерлері әділ қазылық етті.
Байқау қорытындысы бойынша Талдықорған қаласы, Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп оқушысы Тұрсын Қарақат І дәрежелі, Қаратал ауданы, Бастөбе ауылының, Александр Пушкин мектебінің оқушысы Асқар Айгүл ІІ дәрежелі, Слямғазы Ерасыл Талдықорған қаласы, Шоқан Уәлиханов атындағы №10 мектеп оқушысы және Әділжан Даяна Сарқан ауданы, Екіаша ауылы, Екіаша орта мектебінің оқушысы ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Байқауға қатысқан барлық үміткерлер мен жетекшілеріне алғыс хаттар мен арнайы марапаттар берілді.