Жаңалықтар

«Қазақтың қабырғалы қаламгері» атты әдеби вернисаж өтті

«Қазақтың қабырғалы қаламгері» атты әдеби вернисаж өтті
Уақыты: 18.10.2024
Оқылды: 38

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, публицист, аудармашы және қоғам қайраткері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақтың қабырғалы қаламгері» атты әдеби вернисаж өтті.

Қаламы қарымды, қолтаңбасы бөлек Әбдіжәміл Нұрпейісов – әдебиеттің алтын діңгегіне айналған тұлға. Ол әлем назарын аударған «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы арқылы заман шындығын, Арал теңізі бойын жағалай қоныстанған тұрғындардың өмірін бейнеледі.

Шара барысында ғұмырын ақиқат пен шындыққа, ұлтымыздың рухани кемелденуіне және Қазақ халқының шығармашылық мүмкіндіктерін әлемдік әдеби аренада мойындатуға арнаған қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы баяндалып, оқырмандарға «Әдебиет абызы» атты бейнеролик және «Теңіздей толқыған қаламгер» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды.

Әдеби вернисажға Талдықорған қаласының №4 орта мектебінің 8 ә сынып оқушылары және сынып жетекшісі Сексембаева Сарсенкуль қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика