Жаңалықтар
«Қазақ әдебиетінің асқаралы биігі» атты дөңгелек үстел өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде ҚССР-нің халық жазушысы Әбдіжәміл Нүрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің асқаралы биігі» атты дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында бөлім меңгерушісі Гаухар Таукебаева мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, соғыс ардагері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірбаяны мен шығармалары жайлы айтып, «Қан мен тер»,«Курляндия»,«Соңғы парыз», «Ақбидай туралы аңыз» сияқты кітаптарына библиографиялық шолу жүргізді. Сондай-ақ жазушының «Қан мен тер» роман трилогиясының 35 тілге аударылып Мұхтар Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында роман бойынша инсценировкасы жасалып кейін үлкен экранға шыққаны туралы ақпарат беріп өтті.
Шараға «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің және «Қазақ соқырлар қоғамы» Талдықорған корпоративтік қорының инва-такси қызметкерлері қатысты.