Жаңалықтар

«Қазақ елі менің - Отаным» патриоттық кеш өтті

«Қазақ елі менің - Отаным» патриоттық кеш өтті
Уақыты: 24.10.2024
Оқылды: 25

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «25 қазан – Республика күні» мерекесіне арналған «Қазақ елі – менің Отаным» тақырыбында патриоттық кеші өтті.

Мерекелік шараға «Қазақстан - елім менің»тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Бақжұлдыз» медиа орталығының білім алушылары Аяна Тлеуберлина, Мунира Қарғабаева мен Раушан Маулетқали қатысып, өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, «Мейірім» шығармашылық орталығының оқушылары патриоттық өлеңдерін арнады.

Шараға арнайы қатысқан 54380 әскери бөлім байланыс торабының бастығы, капитан Өмірсерік Құрбанбек пен Жетісу облысының мамандандырылған күзет басқармасының – 1- полиция батальонының полицейі Шухрат Нұриман қатысушыларды Республика күнімен құттықтады.

Сонымен қатар, полиция кіші сержанты Ермек Мұқатаев «Бір ел болса» әнін, 54380 әскери бөлімінің кіші сержанты  Оралбай Айдар «Қазақстаным» әнін орындап, патриоттық көңіл күй сыйлады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика