Жаңалықтар
«Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті

28 қазан күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиетімен-болашаққа» жобасы аясында «Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті. Сайысқа 8 аудан, 2 қала кітапханаларынан 10 оқырман қатысып, Ескелді ауданының Жалғызағаш ауылының 4 сынып оқушысы Сайлаубек Ерсұлтан жылдық қорытынды байқауға жолдама алды.