Жаңалықтар
«24 қазан - Кітапханашылар күні» мерекесіне орай, кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби біліктіліктерін ынталандыру мақсатында «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты салтанатты кеші аталып өтті

Салтанатты шара басында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов халық игілігі жолындағы ұлттық рухани құндылықтарды сақтап дәріптеуде және мәдениет пен түрлі салалық ақпараттарға қолжетімді ету мақсатында аянбай еңбек етіп жүрген кітапханашыларды құттықтап ізгі тілегін білдірді.
Биылғы жылы кітапханашы күніне орай кітапхана ісінің дамуына қосқан зор үлесі мен жеке еңбек және шығармашалық үлестері үшін, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен - Алакөл аудандық кітапханасының кітапханашысы Сағатхан Дүйсенбаева мен Ақсу аудандық кітапханасының библиографы Гүлшат Тұрсынқызы иеленсе, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен Алакөл аудандық кітапханасының кітапханашысы Феруза Пазлатдинқызы Тохтасунова, Панфилов аудандық кітапханасының әдіскері Бағлан Сейтказиқызы Нурумова, Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хатымен Ақсу аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Бақытгүл Абдрахманова, Алакөл ауданы Бұлақты ауылдық кітапханасының кітапханасышы Мерует Маусымбекова, сондай-ақ Жетісу облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» Кербұлақ аудандық кітапханасы директорының орынбасары Тұрсынкүл Мұйтунова мен Панфилов ауданы Жаркент қалалық кітапханасының кітапханашысы Сауле Кайракова марапатталды.
ҚР Ұлттық кітапханасының Қазақстандық кітапханалық одағының «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісі - Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының бөлім меңгерушісі Галия Ешеноваға, «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісі - Ақсу ауданы, Суықсай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бакытгуль Мамбетоваға, ал облысымыздың 17 кітапханашына «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісі, 9 кітапханашыға «Құрмет грамотасы», 7 кітапханашыға Алғыс хаты табысталды.
Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастаруымен кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігі мен шығармашылық ізденістерін арттыру, кітапхана жұмысын заманауи өзгерістерге бейімдеу, ілгерілету мақсатында өткізілген байқаулардың қорытындысы бойынша «Көшбасшы кітапхана - 2024» номинациясымен ақшалай сыйлық үш жүз мың (300) теңге Ақсу аудандық кітапханасы, «Үздік ардагер кітапханашы - 2024» номинациясымен ақшалай сыйлық жүз мың (100) теңге Панфилов аудандық кітапхнасының кітапханашысы Шикер Кудайкулова, «Үздік жас кітапханашы - 2024» номинациясымен жүз мың (100) теңге ақшалай сыйлықпен Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы Мәлика Бекбатыр, «Үздік жыл әдіскері» номинациясымен ақшалай сыйлық жүз мың (100) теңге Панфилов аудандық кітапханасының әдіскері Кенжехан Илимахунова, «Үздік библиограф - 2024» номинациясымен ақшалай сыйлық жүз мың (100) теңге Ақсу аудандық кітапханасынының библиографы Гүлшат Тұрсынқызы, «Үздік ІТ маманы» номинациясымен ақшалай сыйлық жүз мың (100) теңге Көксу аудандық кітапханасының бағдарламашысы Мақсат Қараулов, «Үздік балаларға арналған жоба» номинациясымен ақшалай сыйлық жүз мың (100) теңге Талдықорған қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Лязат Дайрабаева марапатталды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы атынан кәсіподақ ұйымының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Сәуле Құрмашқызы Ахмадиева орталық кәсіподақ комитетінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Ақсу аудандық кітапханасының директордың орынбасары Шолпан Сулейменова, Алакөл ауданы, Жайпақ ауылдық кітапхана кітапханашысы Жанилхан Бурганбаева марапаттаса, орталық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен 6 кітапханашыны, ал Алғыс хатымен 4 кітапханашыға марапатын ұсынды.
Мерекелік шараға Жетісу облысының зиялы қауым өкілдері, кітапханашылары, арнайы шақырылған Жетісулық ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары қатысты.
Салтанатты шара Данеш Рақышев атындағы филармония әншілерінің мерекелік концертіне ұласты