Жаңалықтар
«Аңырақай шайқасы – азаттықтың күресі» атты тарихи-танымдық сағаты өтті.

2024 жылдың 7 қараша күні Аңырақай шайқасына 295 жыл толуына орай «Аңырақай шайқасы – азаттықтың күресі» атты тарихи-танымдық сағаты өтті.
Аңырақай шайқасы – қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалуға негіз болған қазақ-жоңғар соғысындағы ең ірі және шешуші соғыстардың бірі. 1723–1730 жылдарғы Отан соғысы әйгілі Аңырақай шайқасымен қорытындыланды. 1730 жылғы сәуірде жоңғар қонтайшысы Галдан Церенмен (Қалдан Серенмен) бейбіт келісімшарт жасасу арқылы «Ақтабан шұбырынды» қасіретінен бері өрши түскен қантөгісті азаттық күресіне жеңісті нүкте қойылды. Аңырақайдағы ұлы жеңіс халқымыздың этностық бірлігін, біртұтастық сезімін арттырды.
Шара барысында оқырмандарға Аңырақай шайқасы туралы бейне-ролик көрсетіліп, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. №18 орта-мектеп лицейінің тарих пәні мұғалімі Ахметжанов Нұржан Дастанұлы Аңырақай шайқасы туралы баяндамасын оқыды.
Шараға қаламыздың Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі мен №4 ОМ - тің 9 сынып оқушылары қатысты.