Жаңалықтар
«Мақсат бар жерде шектеу жоқ» атты байқауы өтті.

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің ұйымдастыруымен, 13 қараша Халықаралық зағиптар күніне орай «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Мақсат бар жерде шектеу жоқ» атты байқауы өтті.
Байқау 2 кезеңнен тұрды.
1 кезең: Автордың шығармалары ішінен өзіне ұнаған шығармасына
қысқаша мазмұндама айту
2 кезең: Сұрақ – жауап қатысушыға автордың әр шығармаларының
ішінен 5 сұрақ қою.
Байқауға бөлімнің 6 зағип оқырмандары қатысып өз шеберлігімен біліктілігін жоғары дәрежеде көрсетті. Байқаудың І дәрежелі дипломымен Жумабеков Серік , ІІ дәрежелі дипломымен Атейбеков Ербол , ІІІ дәрежелі дипломымен Балабекова Аруна марапатталды. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге алғыс хаттар берілді.