Жаңалықтар
«Балалар әдебиетінің хас шебері» атты облыстық байқауы өтті

8 қараша күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Бір ел бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Балалар әдебиетінің хас шебері» атты облыстық байқауы ұйымдастырылды. Жарысқа көркем сөз оқу шеберлігін игерген 11-14 жас аралығындағы аудан, қала мектептерінің 17 оқушысы қатысып бақ сынасты.
Байқау III кезеңнен тұрды.
I кезең - оқыған 4 шығармаларының бірінен көрініс қою
II кезең - «Замануи Қожаны қалай елестетесіз?» тақырыбында қатысушылар алдын ала ережеге сай эссе жазып, қазылар алқасына ұсынылды.
III кезең - «Дұрыс жауап» Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармаларынан сұрақтар қойылды.
Байқауға Талдықорған политехникалық колледжінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы, Жетісу облысының «Тіл» оқу әдістемелік
орталығы», Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы және Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының қызметкері әділ қазылық етті.
Байқау қорытындысы бойынша Талдықорған қаласының Еркін ауылындағы № 11 орта мектеп оқушысы Әдемі Ермекқызы I дәрежелі, Талдықорған қаласы Б. Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектеп-лицейінің оқушысы Ердал Нұртас II дәрежелі, Талдықорған қаласының № 27 орта мектеп гимназиясының оқушысы Амина Қасымхан III дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар берілді.