Жаңалықтар
«Компьютерлік сауаттылық» үйірмесі

Кітапхананың техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен “Компьютерлік сауаттылық” үйірмесін бағдарламашы Мерей Болатов оқырманымыз Жанерке Мұратқызының сұранысына қарай Microsoft Excel бағдарламасына сабақ өткізді.
Сабақ барысында, Microsoft Excel бағдарламасына түсініктеме беріліліп, жұмыс аймағымен таныстырылды. Бағдарламаның көмегімен көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдетуге, кестедегі мәліметтердің негізінде графиктер мен диаграмммалар құруға, функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізуге, түрлі функциялардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеуге және мәліметтерді статистикалық талдауға болатындығы жайлы айтып үйретті.
Оқырманымыз Жанерке Мұратқызы бағдарламаның өз жұмысына өте қажет екендігін және сабақты жалғастыратынын айтты.
Үйірме аптаның әр жұмасында, сағат 16.00 ден 17.00 аралығында өтеді.
Өтетін орны: Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы.