Жаңалықтар

Ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің сұңқары» атты облыстық конференция өтті

Ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің сұңқары» атты облыстық конференция өтті
Уақыты: 13.11.2024
Оқылды: 33

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында көрнекті қоғам қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жылдығына арналған «Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің сұңқары» тақырыбында облыстық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректерді ортаға салу. Тұлғаның қазақ еліне жасаған айтулы істерін насихаттау.

Ақынның шығармаларынан «Сұлу жырдың сұңқары» кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жүргізілді.

Дәстүрлі әнші, «Серпер» сыйлығының лауреаты, Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің оқытушысы Төлеутай Серіков пен колледж студенті Яна Адамова ақынның сөзіне жазылған әндерді тебіренте орындаса, шығармаларынан Талдықорған қаласының №12 орта мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларының дайындаған әдеби-монтажы тыңдалды.

Конференция барысында Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллиннің музейіне онлайн-саяхат жүргізіліп, ақынның тұлғалық бейнесі, оның ел үшін жасаған елеулі еңбегі мен ғылыми құнды дүниелерімен Сәкен Сейфуллин музейінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, сәкентанушы, ғалым Марат Әбсеметов бөлісті.

Жазушы, алаштанушы, философия докторы Елдос Тоқтарбай қаланың колледж студенттеріне ақынның талантын, өз халқының бірегейлігі, тілінің, мәдениеті мен руханиятының дамуы үшін күрестің символы болып қала беретіндігі жайлы баяндады.

Келген қатысушылар конференциядан жақсы әсер мен мағлұмат алып, жоғары бағалады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика