Жаңалықтар
«Ұлттық теңге-тәуелсіздігіміздің нышаны» ақпараттық сағаты өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Ұлттық теңге-тәуелсіздігіміздің нышаны» ақпараттық сағаты өтті.
Шара барысында кітапханашы Рауан Нұрланов оқырмандарға ұлттық валютамыздың алғаш пайда болуы, өзгеруі мен түрлену тарихымен таныстырылды. Ең алғашқы теңгемізді қазақтың ұлы ойшылдары, күйші-ақындары мен хандарының бейнесін бейнеленгенін еске сала отыра, бүгін ұлттық валютаның айналымға енгеніне 31 жыл болғаны туралы айтылды.