Жаңалықтар
Қазақ жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Шұғаның белгісі» әңгімесін талқылауы өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақ жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Шұғаның белгісі» әңгімесін талқылауы өтті.
Кеш барысында, аталмыш қаламгердің өмірбаяны мен шығармалары айтылып, арнайы бейнетаспада Бейімбет Майлин ақын, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі екендігі айтылды. Сонымен қатар, кітап көрмесінде «Азамат Азаматыч», «Шұғаның белгісі» сынды кітаптары мен көп томдық шығармалар жиынтығы таныстырылды. «Өмір жолы» атты бейнетаспа көрсетіліп, «Шұғаның белгісі» туындысына талдау жүргізілді.
Шараға Innoverse мектебі мен Дәнеш Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының оқушылары қатысып, Бейімбет Майлиннің туындыларына қанық болып, терең ой түйіп қайтты.