Жаңалықтар

Қазақтың батыры Өтеген Өтеғұлұлының туғанына 325 жыл толуына орай «Ұлы даланың батыры» атты шежірелерді дауыстап оқу сағаты өтті.

Қазақтың батыры Өтеген Өтеғұлұлының туғанына 325 жыл толуына орай «Ұлы даланың батыры» атты шежірелерді дауыстап оқу сағаты өтті.
Уақыты: 21.11.2024
Оқылды: 29

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақтың батыры Өтеген Өтеғұлұлының туғанына 325 жыл толуына орай «Ұлы даланың батыры» атты шежірелерді дауыстап оқу сағаты өтті.

Шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы Өтеген батырдың өмірі мен ол жайлы аңыздармен таныстырып, «Ұлы дала батыры» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Сондай-ақ Өтеген батыр жөнінде ел аузында аңызға бергісіз «Мүйізді Өтеген атануы», «Өтегеннің Абылайды сынауы», «Өтегеннің қарызды қайтаруы» атты әңгімелерін ауызша айтып берді.

Шараға «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика