Жаңалықтар
Айдын Кәлімханұлының «Қашқын» кітабын талқылау сағаты өтті

Сакен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада 22 қараша күні журналист, жазушы Айдын Кәлімханұлының «Қашқын» кітабын талқылау сағаты өтті.
Шара барысында Айдын Кәлімханұлының өмірбаяны мен шығармашылық жолы таныстырылып, ал кітапханашы Фатима Бектемисова «Қашқын» кітабының видеослайдын қорғады.
«Қашқын» романында сол 1930 жылдардағы алас- қапас кезеңде дүниеге келіп, жат жердегі жұртының басынан өткен зобалаңдарға куә болған,бала кезінен ата- бабасының атақонысын аңсап жүріп жетілген, ақыры 1960 жылдардағы мәдени төңкеріс кезінде жала жабылып, ұзақ жылдардағы түрмеге жабылған азаматтың қазақ жеріне бірнеше мәрте қашуы, ақыры дегеніне жетуі баяндалады. Шараға арнайы қатысқан Айдын Кәлімханұлына сөз беріліп, оқырмандар тарапынан қызықты сұрақтар қойылды.
«Қашқын» кітабы «Алтын қалам 2018» байқауында «Жылдың үздік романы» атанып, Есенқұл Маманов атындағы бас жүлдені жеңіп алды.
Шара соңында Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектебінің 8 сынып оқушылары «Қашқын» кітабына өз пікірлерін білдіріп, өздерінің жүрек жарды лебіздерін айтып, жақсы көңіл–күймен тарқасты.