Жаңалықтар
«Поэзия патшайымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

ҚР Халық Жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Поэзия патшайымы» атты кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.Ақынға арналған көрме «Өлеңмен өрілген өмір», «Жыр – менің жалғыз тарланым, Аялап өтер ардағым» атты үш бөлімнен тұрады. Көрмеге толық шығармалар жинағы, әр жылдары жарық көрген өлендер жинағы, анықтамалық, энциклопедия, және белгілі қоғам және әдебиет қайраткерлерінің ұлағатты сөздері қойылды.