Жаңалықтар

«Үнсіз тарайтын індет» атты дәрігермен сұхбат өтті

«Үнсіз тарайтын індет» атты дәрігермен сұхбат өтті
Уақыты: 27.11.2024
Оқылды: 66

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 1-желтоқсан Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Үнсіз тарайын індет» тақырыбында Талдықорған қалалық емханасы әлеуметтік бөлім жұмысын үйлестіруші, дәрігер Шарипбаева Алинамен оқырмандар арасында сұхбат өтті.

Сұхбат барысында «Ғасыр дерті» атты видеоролик көрсетіліп, «Спид –қасірет қақпаны» атты кітап көрмесімен кітапханашы Фатима Бектемисова таныстырды.

Талдықорған қалалық емханасы әлеуметтік бөлім жұмысын үйлестіруші, дәрігер Шарипбаева Алина «Жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы» тақырыбында баяндама оқып, оқырмандарға ағзаның иммундық жүйесінің адамның иммундық тапшылық вирусын жұқтыруының нәтижесінде, оппортунистік деп аталатын және ЖИТС ауруын тудыратын инфекциялар тарайтынын, сонымен қатар, ЖИТС нәтижесінде жиі психикалық және неврологиялық ауруларды тудыратын орталық нерв жүйесі зақымдалатынын айтып, АИТВ/ЖИТС туралы түсіндірме қағаздарын таратты.

Шараға Талдықорған қаласының «Авиценна» медициналық колледж студенттері қатысты.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика