Жаңалықтар
«Имандылық – ізгілік негізі» атты тақырыпта Талдықорған қаласының Нұр мешітінің бас имамымен кездесу кеші өткізілді.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім кітапханасының оқырмандарымен «Имандылық – ізгілік негізі» атты тақырыпта Талдықорған қаласының Нұр мешітінің бас имамымен Алпысбаев Жансерік Өмірсерікұлы кездесу кеші өткізілді.
Кездесу барысында бас имам діннің қоғамдағы алатын орны мен оның адам тәрбиесіндегі маңыздылығы жайында терең ойларымен бөлісті. Діннің егеменді ел ретінде дамып, өркендеуімізге тигізетін игі әсерін атап өтіп, имандылықтың әділдік, парасаттылық, сыпайылық және көпшілдік сияқты ұстанымдарды қалыптастыратынын түсіндірді.
Шараның ерекше жаңалығы ретінде Нұр мешітінде көру қабілеті шектеулі жандар үшін арнайы ұйымдастырылған «Брайль-Әдіснамасы» атты құран оқыту курсының ашылғаны жарияландығын мәлімдеді. Бұл курс көру мүмкіндігі шектеулі азаматтардың рухани білімін арттырып, құран оқуды үйренуге жол ашпақ. Курсты теолог РАТТ мүшесі Кәбірова Назерке Қайратқызы жүргізетіні белгілі болды.
Имам барлық зағип жандарды осы курстарға қатысып, Құран оқуды үйренуге шақырып, бұл бастама арқылы көру қабілеті шектеулі азаматтардың рухани дамуына үлесін қосатынын атап өтті.
Бұл шара оқырмандарға рухани құндылықтарды ұлықтауға, имандылықты өмірлік бағдар ретінде қабылдауға үлкен ықпалын тигізген әсерлі кездесу болды.