Жаңалықтар

«IQ game» интеллектуалды ойыны өтті

«IQ game» интеллектуалды ойыны өтті
Уақыты: 28.11.2024
Оқылды: 25

28 қараша күні кітапхананың ұйымдастыруымен Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелер арасында «IQ game» интеллектуалды ойыны өтті.

Ойын 5 кезеңнен тұрды:

1 кезең – «Тарих толқынында»

2 кезең – «Әуенді тап»

3 кезең – «Суретті сұрақтар»

4 кезең –« Кино Time»

5 кезең – «Емтихан»

Әр кезеңде 6 сұрақ, әр сұраққа 1 балл беріледі. Жауап беру уақыты 1 минут.

Мәдениет басқармасына қарасты мекемелерден мәдени мұра, М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы, Талдықорған орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының қызметкерлері қатысып, тартысты ойынға куә болды. Қатысушылар ойыннан алған әсерімен бөлісіп, алғысын білдірді.

Нәтижесінде:

1 орынды – «Алтын көмбе» тобы (М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы)

2 орынды – «Ұлағат» тобы (Талдықорған қалалық кітапханасы)

3 орында – «Құлагер» тобы (І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы) иеленді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика