Жаңалықтар
3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне арналған «Жан жылуыңды сыйла» атты ақпараттық сағат өтті.

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана бөлімінде «Жан жылуыңды сыйла» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шара мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғауға, тең мүмкіндіктер қалыптастыруға және инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталды.
Шара барысында кітапханашы Рауан Нұрланов қатысушыларға Мүгедектер күні туралы тарихи деректер мен мүгедектердің құқықтары туралы маңызды ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, зағип оқырмандардың өміріндегі жетістіктері мен белсенділік таныту жолындағы тәжірибелері туралы әңгімелер баяндалды.Сондай-ақ кітапханамыздың белсенді оқырманы Сидтникова Римма Николаевна Мүгедектер күніне арнап шығарған «Инвалидность-непорок» атты өлең жолдарын оқып берді.
Іс-шараның бір бөлігі ретінде арнайы құралдар, бедерлі кітаптар, дыбыстық материалдар және жаңа әдебиеттерден құралған көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған ақпараттық ресурстардың алуан түрлілігін көрсетті.