Жаңалықтар
Оқырмандардың сұранысы бойынша кітаптарды үйге жеткізу қызметі ұйымдастырылды

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім кітапханашылары арнайы тапсырыс бойынша 1 топ көз мүгедегі Толғанбаев Мұратхан Толғанбаевичқа Брайль қарпімен жазылған Абай Құнабаевтың «Қара сөздері», Берекет Барибаевтың «Қасым хан» атты кітаптары мен Дүйсенбай Досжанның «Келіншек асуы», Шәкен Күмісбаевтың «Қылмыскер құтылмайды» атты аудиокітаптарды үйлеріне жеткізу қызметін ұйымдастырды.
Мұндай қызмет көрсету зағип және нашар көретін азаматтардың ақпаратқа және мәдениетке қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бұл олардың қоғамнан алшақтамай, білім алуға, рухани және интеллектуалды қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар, үйге жеткізу қызметі оқырмандардың тұлғалық дамуына, шығармашылық әлеуетін дамытуға және қоғаммен тығыз байланыс орнатуына септігін тигізеді.